Дүкен Мәсімханұлы: «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің атқарар рөлі ерекше (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүкен Мәсімханұлы: «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің атқарар рөлі ерекше (ВИДЕО)

08.06.2017

Қазақ елі мен Қытай арасындағы сәтті жүзеге асқан экономикалық жобаларға тоқталған Дүкен Мәсімханұлы «ондай жобаларды санап тауысуға болмайтынын» айтады.

«Ірі жобаларды айтып өтсем, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің өзінен-ақ біз батыс елдеріне өзіміздің көлік дәліз қызметін ұсына аламыз. Ол біздің бюджеттің бүйірін  толтыруға септігін тигізіп отыр. Сол дәліздің бойында қаншама қазақ азаматтары  сервистік қызмет көрсетуде. Бұл бір ғана мысал. Одан кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин көтеріп отырған бағдарлама «Бір белдеу – бір жол». Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен сәйкесе кеткен ауқымды жоба. Мұның түбіне үңілер болсақ, «Бір белдеу – бір жол» саясатында қытай арманы жатыр, ал, біздің «Нұрлы жол» бағдарламасының түпкі шығу тегінде 2030 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты жатыр. Демек, екі елдің де арманы – дамыған, қуатты мемлекеттердің қатарына қосылу. Осы арада көлік дәлізінің атқарар рөлі ерекше»,-дейді Дүкен Мәсімханұлы.

Сондай-ақ, сарапшы Қытайдан қазақ жеріне көшірілгелі жатқан 51 кәсіпорынның елімізге берер игілігіне тоқталды.

Хабарламаларға жазылу