Армиясы қуатты Қазақ елі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армиясы қуатты Қазақ елі

08.05.2014
Армиясы қуатты Қазақ елі
 
Астанада өткен әскери шеру көпті тамсандырып қана қойған жоқ, тұтас елдің рухын көтерді, мерейін өсірді, мәртебесін асырды. Бұл Түркия Жандармериясының бас қолбасшысы, орг-генерал Сервет Йөріктің пікірі.
 
Түрік бауырларымыз әскери шеруді онлай режимінде көріп, жоғары бағаларын берді. Қолбасшысының айтуынша, 22 жыл ішінде Қазақ армиясының қаруы жаңарып, сарбаздардың жауынгерлік шеберлігі айтарлықтай артқан.
 
Сервет Йөрік, Түркия Жандармериясының бас қолбасшысы:
Қазақ армиясының қуаттылығына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бауырлас елдің әскери әлеуеті зор. Түркі тектес елдер арасында қандай сала болсын Қазақстан көш бастап тұр. Көкте самғаған «Ми» маркалы ұшақтардың өнерін айтсаңызшы. Екінің бірінінің қолынан келе бермейтін іс бұл. Жоғары әскери дайындықтан өткен ұшқыш ғана үлкен жылдамдықта күрделі жаттығу орындай алады. Әскери саладағы жетістіктеріңіз бұдан да арта берсін. Түрік елі Қазақстанды қашанда қолдауға дайын.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу