Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды (ВИДЕО)

20.06.2014
Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды (ВИДЕО)
 
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысының активіне жаңа әкім Нұрмұхамбет Әбдібековті таныстырды.
 
Нұрмұхамбет Әбдібеков 1961 жылы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
 
1984 жылы Мәскеу тау-кен институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын қарапайым кеншіден бастаған.
 
Мемлекеттік қызметке 1996 жылы келді. 2009-2011 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарды.
 
2012 жылдан бастап, бүгінге дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.
 
Ал, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өз өтініші бойынша  қызметінен кетті.
 
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Осы жұмыс өте жауапты екенін ескере отырып, абыроймен атқару үшін бүкіл жинаған тәжірибемді, іскерлігімді, білімімді аямай жұмсаймын.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу