Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

31.08.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгін аймақ активіне жаңа басшыны таныстырды. Облысты енді Дархан Сатыбалды басқарады. Ол бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Сенат депутаты болған. Соңғы жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі қызметін атқарған. Ал облысты басқарған Өмірзақ Шөкеев 24 тамызда отставкаға өтініш берді. Президент тиісті Жарлыққа қол қойып, ол Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды. Президент Өмірзақ Шөкеевке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Хабарламаларға жазылу