Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті

05.12.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында шетелдік ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын айтты. Осыған дейін елімізге 370 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған. Президент нақты секторға тікелей инвестиция тартудан бөлек, құнды қағаздар нарығын дамыту мен шетелдік портфельді инвесторларды елге әкелуге ерекше көңіл бөлінеді деді.

Елімізде екі қор биржасы – Алматыдағы KASE және Астана халықаралық қаржы орталығы табысты қызмет атқарып келеді, – деп жалғастырды Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, әлемдегі жетекші уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорыны мен қаржы технологиясы бойынша аймақтағы көшбасшы Kaspi.kz IPO-лары капитал нарығының динамикасын арттыруға үлес қосты.


Хабарламаларға жазылу