Дипломатиялық қатынастар беки түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дипломатиялық қатынастар беки түседі

30.10.2017

 

 

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы әріптестік, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселесі. Бүгін осы тақыраптар екі елдің Парламенті комитетінің кездесуінде талқыланды.

 

Елімізде бүгінде ресейлік капиталдың қатысуымен 13 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ септігін тигізіп жатыр.

 

Сонымен қатар, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Кеден кодексінің тіимділігі жайлы сөз болды. Ал, Ресей Федералды жиналысының мемлекеттік думасының депутаты Виктор Водолацкий қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал жайлы пікірін білдірді.

 

Виктор Водолацкий, РФ Федералды жиналысы мемлекеттік думасының ТМД, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс істері комитеті төрағасының орынбасары:

Ресей Қазақстанның және аталған процеске өзге де қатысушылардың ұстанымын қолдайды. Біздердің арамызда әділ, ашық және серіктестік қарым-қатынас болуы тиіс. Тек сонда ғана біз ұтамыз. Сонда ғана біздің одақ қарқынды дамитын болады және аталған процеске қатысушы мемлекеттердің ғана емес, сонымен бірге ШЫҰ, БРИКС және өзге де елдердің экономикасына қол жеткіземіз. Біз сыртқы, «сұр» сызбаларға тәуелді болмауымыз қажет.

 

 

Индира БЕГАЙДАР                                                       

Хабарламаларға жазылу