Қостанай облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті

22.08.2019

Басқосудың мақсаты - қоғамдағы әйелдер рөлінің маңызын екшеу, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, тәжірибе алмасу.

Бүгінде Тобыл өңірінде 34 ауыл әкімінің, 8 аудан әкімі орынбасарының міндетін қыз-келіншектер атқарады. Денсаулық пен білім саласында еңбек етіп, бизнеспен айналысатындары да аз емес. Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген несие алып, кәсіпкерлікке ден қойғандардың да қатары артып келеді. Форум барысында табысты әйелдер өз тәжірибелерін ортаға салып, жетістікке жетудің сырымен бөлісті.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

Біздің кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөліссе, өзгелерге көмегі тиеді деген үміттеміз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу