Елордада ауыл әйелдерінің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ауыл әйелдерінің форумы өтті

07.11.2019

Елді мекендерде елеулі еңбек етіп жүрген әйелдер елордада бас қосты. Түрлі саланың тізгінін ұстағандар арасында экологиялық апат ортасында орналасқан қорықтың директоры да бар. Зәуреш Әлімбетова - бір кездері құты қашқан Барсакелместің қайта түлеуіне ерекше үлес қосып жүрген қорықшы әйел. Сол себепті II республикалық форумға арнайы шақыртылған. Ол экожобаларға қатысып, Біріккен Ұлттар Ұйымының гранттарын жеңіп алып, 60-тан астам гектарға сексеуіл отырғызған. Ал бұл суы тартылып, аспанға тұзы мен шаңы көтерілген аумақ үшін оңай шаруа емес. 

Бүгінде өсімдіктің 80 пайызы жерсініпті. Мемлекет те кіші аралды қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі атқарғанның арқасында аң жүгіріп, құс ұшатын болған.  

Зәуреш Әлімбетова, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының директоры:

Аңшылық шаруашылығынан биосфералық ЮНЕСКО резерватына жеттік. Ол, әрине, біздің халықаралық деңгейімізді көтерді. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Жағдайлар жасалынған соң жануарлар сонда қайтып келіп жатыр, Қазақстандағы құландар - Барсакелмес құландарының ұрпақтары. Бізде 600-ден астам құлан бар. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу