Бүгін Алматыда дәстүрлі «Жолда қабылдау» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда дәстүрлі «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2017

Жылына екі рет өтетін шараның мақсаты - азаматтардың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру. Акция аясында қаланың халық көп жиналатын үш нүктесіне муниципалдық автобустар қойылды. Әр автобуста жол полициясының өкілі, жергілікті учаскелік инспектор, заңгер, «Нұр Отан» өкілдері жұмыс істеді. Олар заңға қатысты қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сауалнама жүргізіп, «полиция қызметкерлері тарапынан бопсалау фактісі кездесе ме?», «Жол сақшыларының көлік жүргізушілермен қарым-қатынасына көңіліңіз тола ма?» деген сияқты сұрақтарға жауап алды.  

Жандос Мұраталиев, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма бастығының орынбасары:

- Жылдан-жылға халық бізге көбірек шағымданып, сұрақтар қойып жатқанына байланысты осы акция өтіп жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу