«Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

05.04.2019

Еліміздің барлық аумақтарында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін қабылдауда. Арнайы көліктермен шаһардың бірнеше аумағында жылжымалы бөлімшелер орналасқан. Тұрғындардың кез келген сұрағына жауап, мәселесіне шешім іздеу үшiн түрлi сала мамандары дайын тұр. Мұндай акция бұған дейiн жылына 1-2 рет қана өтетін. Ал енді Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша бұл әдісті жиі қолданбақ. 

Нұржан Әділов, әкімшілік полиция басқармасының  бөлім бастығы:

Халықтың  жол ережелері бойынша сұрақтары бар.  Ол, нақты айтып кетсек, айыппұлды қалай төлеу керек? Қаншалықты ол автоматты түрде шешіледі, жеке куәлік қалай ауыстыруға болатындығы, қандай анықтама, қандай анықтамалар керек осындай сұрақтар халықта туындауда.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу