Еліміздегі стационарлық және мобильдік бекеттің бәрі 24 сағат онлайн режимінде бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі стационарлық және мобильдік бекеттің бәрі 24 сағат онлайн режимінде бақыланады

31.07.2019

Бұл тас жолдағы жағдайды айқын көріп отыруға мүмкіндік береді,-дейді ахуалдық орталық мамандары. Яғни көлік тізгіндеушілермен бірге қызметкерлердің де әрекеті назарда. Барлық заң бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктер дереу талданып рейтингісі түзіледі. Ал мәліметтер ұлттық бюроға жолданып отырады. Егер кінәлі біреу анықталса базадағы деректерді таза дәлел ретінде көрсетуге болады. Бұдан былай көлік комитеті теміржол мен жолаушылар тасымалын да бақылауына алмақ. Енді ішкі және халықаралық бағытта көлікпен тасымалдаушылар тізімі алынып, шет ел жүргізушілері тіркеледі.

Самат Ғилымов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы:

Күні бүгінге дейін заңсыз жүргені үшін 2 млрд 700 мыңға дейін айыппұл салынды. Қазақстанның территориасына қанша көлік шетелден кірді, қанша көлік қандай жүкпен шықты, қандай заң бұзушылық болды, қанша шетелдің адамы заң бұзды? Біздің қай инспекторымыз қай машинамен жұмыс істеп жатқандығы, не жасап жатқандығы осы ахуалдық орталықтан көруге болады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу