«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы бойында орналасқан Абай ауылының тұрғындары жұмыспен қамтылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы бойында орналасқан Абай ауылының тұрғындары жұмыспен қамтылуда

28.01.2015
«Жезқазған-Бейнеу» теміржолы бойында орналасқан Абай ауылының тұрғындары жұмыспен қамтылуда

Осы аралықта 3 станция және 10 бекет салу қолға алынған. Соның арқасында Арал ауданы Абай ауылының тұрғындары сияқты талай адам тұрақты жұмыспен қамтылуда.

Осы уақытқа дейін тек қана мал бағып, бұйығы жатқан Абай ауылының тұрғындарының өмірінде осындай үлкен өзгеріс болуда.

Елді мекенде заманауи үлгідегі мектеп пайдалануға берілді. Дәрігерлік амбулатория салынып, мобильдік байланыс орнатылды.

Қазір 40 отбасыға арналған қызметтік тұрғын үй мен медициналық бекеттің құрылысы жүруде.  

Яғни, темір жолдың тірлігі өрге басқан сайын жұмыспен қамтылатындар саны да өсіп келеді. Енді мұндай мүмкіндікке ие болатындардың қарасы 200-ге жуықтамақ. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу