Алматыдағы жол қауіпсіздігі тікұшақ арқылы бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жол қауіпсіздігі тікұшақ арқылы бақыланады

13.08.2020

Алматыдағы жол қауіпсіздігі тікұшақ арқылы да бақыланады. Соңғы жылдары көлік кептелісінің артуына байланысты полиция жол қозғалысын әуе арқылы қадағалап келді. Мақсат қаладағы қозғалысқа мониторинг жүргізіп, кептелістің себептерін анықтау. Әуе күзетіне әкімшілік полицияның және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады. Олар жоғарыдан сараптама жасап, патрульдік бригадаларға онлайн режимінде қозғалысы қиын аумақтар туралы ақпарат беріп отырмақ. Әзірге рейстер төтенше жағдайлар департаментінің тікұшақтары арқылы жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Қалалық ПД ресми өкілі: 

Ірі қаладағы оқыс оқиғалар мен қылмыс санын азайту мақсатында тікұщақтық патрульді іске қосу жолға қойылды. 

Жазира  Оразқызы  


Хабарламаларға жазылу