Алматыдағы қан орталығында «Сенің күнің, донор!» атты мерекелік шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы қан орталығында «Сенің күнің, донор!» атты мерекелік шара өтті

15.06.2017

Оған ерікті түрде қан тапсыратын донорлар қатысты. Елдің әр қиырынан жиналған оларды мекеме ұжымы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, ардагер донорлар да ескерусіз қалмады. Мәселен, ТМД бойынша қан өткізуден чемпион атанған Александр Скаковский. Ол - әлемдік рейтингте екінші орында тұрған донор. Қария осы уақытқа дейін 530 литр қан тапсырған. Мамандардың сөзінше, соңғы 10 жылда бізде ерікті донорлардың саны екі есе артқан. 

 

Алмат ӘБДІРАМАН          

Хабарламаларға жазылу