«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды

17.03.2015
«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды

Байқауға сайлау туралы өзінің ойын, көзқарасын білдіргісі келетін кез-келген азамат қатыса алады. Бағалау жұмысында үміткердің кәсіби шеберлігі емес, идеясы, айтпақ ойы ескерілмек.

Қатысушылардың жасына, кәсібіне ешқандай шектеу қойылмайды. Тек ел президенттігіне үміткерлерді насихаттаған немесе әжуалаған суреттер қабылданбайды.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Алдымен 17 наурыз бен 15 сәуір аралығында жұмыстар қабылданады.

Одан кейін қазылар алқасының бағалауымен, іріктеуден өткен суреттер «el.kz» әлеуметтік желісінде жарияланады. Ол жерде қарапайым халық өзіне ұнаған суретке дауыс бере алады.

Әлеуметтік желіде халықтың қызу талқысына түскен суреттерді қазылар алқасы қайта қарап, 20-сәуір күні жеңімпазды анықтайды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу