Елімізде рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектердің саны еселенуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде рецептісіз сатылатын дәрі-дәрмектердің саны еселенуі мүмкін

05.07.2019

Алматыда өткен жиында дәрілік заттарды сараптау орталығының өкілдері осыны айтты.

 

Мамандардың сөзінше, қазір Қазақстанда 7748 дәрі тіркелген. Оның 1634-ін дәрігерлердің тағайындауынсыз пайдалануға болады. Бірақ, препараттарды өз бетінше қолдану ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан, әр дәріні жан-жақты тексергеннен кейін сатуға рұқсат етіледі. Мәселен, Еуропа дәріханаларында сатылатын препараттардың шамамен 80 пайызы арнайы рецептке сәйкес беріледі. Себебі, бірде-бір фармацевт дәрігердің тағайындаусыз препаратты сата алмайды.

 

Әнел Мұсаева, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

 

Қазіргі таңда біз өзіміз бұрынғыдай өз басымызда да бар ғой, барамызда аптекаға, басымыз ауырса, денеміз қызып тұрса, қандай антибиотик болса да сатып ала беретінбіз. Қазіргі таңда мына рецептсіз берілмейді. Тіркелген 7800 дәрілер бар. Оның ішінде 1800-і рецептсіз беріледі. Ол 20 пайызды құрайды. Қазіргі таңда мына министрлікпен қарастырылып жатыр, оны 30 пайызға дейін үлкейтуге.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу