Тегін берілетін дәрі-дәрмектердің саны артады

13.01.2020

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектердің саны артты. Бұрын 450-ге жуық атау бойынша дәрілер қол жетімді болса, қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында көлемі екі есеге көбейген. Ал бұрын 5 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмек тегін беріліп келсе, енді бұл мүмкіндікке 18 жасқа толмағандардың бәрі ілігеді. Олардың көбін қазірдің өзінде дәріханалардан ала беруге болады. Ал қалған бөлігін жергілікті жерлерге аз уақыттың ішінде жеткіземіз деп отыр мамандар. Сонымен қатар, бұрынғы бұйрықта аурулардың тізімі ғана көрсетеліп келсе, қазіргі құжатта сол ауруларға ем-дом болатын жаңа препараттар да қатар көрсетілген. Айталық, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға жаңа дәрі-дәрмек беріледі.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу