Жас шекарашылар ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас шекарашылар ант қабылдады

11.09.2019

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы Шекара қызметі академиясында дәстүрлі ант қабылдау рәсімі өтті.

Биыл оқуға түскен 200-ден астам жас шекарашы оқуда озат болып, адал қызмет етуге, ел іргесін берік күзетуге серт берді. Шарада дәстүрге сай, курсанттарға жауынгерлік қарулар табыс етілді. Енді олар түрлі теориялық әрі тәжірибелік бағыт бойынша әскери даярлықтан өтеді. 

Айта кетейік, қабылдаған курсанттардың басым бөлігі - Алматы облысының азаматтары. 

Нұрым Қазымов, курсант:

Бала кезімнен арманым шекара қызметшісі болу болатын. Сол арманымды жүзеге асыру үшін ҰҚК ШҚА оқуға түсуге бел байладым. Бүгін біз шекара қызметінің алғашқы курсанттары әскери ант қабылдап отырмыз. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу