Қостанайдың кәсіпкерлері қиын жағдайда қалған отандастарға көмектесу азаматтық парызымыз деп есептейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдың кәсіпкерлері қиын жағдайда қалған отандастарға көмектесу азаматтық парызымыз деп есептейді

28.06.2019

Өңдеуші кәсіпорындардан күн сайын жүк тиеген көліктер Арысты бетке алып аттанып жатыр.

Олардың бірқатары арнайы есепшоттарға қаржы аударды. Бұған дейін ұн, макарон, кондитер өнімдері тәрізді тауарлар жөнелтілген еді. Бүгін осы бастаманы сусын өндіруші кәсіпорынның ұжымы жалғастырды. Түркістан облысына 20 тонна таза су тиеген көлікті аттандырды. Тасымалдаушы кәсіпорын өкілдері де сусын зауытының сәлемдесін өз есептерінен, тегін жеткізбек.

Игорь Генни, сусын зауытының басқарушысы:

Бұл оңтүстік өңір. Ол жақта күн ыстық. Сондықтан сапалы ауыз су өте қажет деп есептейміз. Тұрғындарға, сол жаққа көмекке барғандарға осылай қолдау көрсетуді мақсат тұттық.

 

Хабарламаларға жазылу