Арыстағы жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін екі әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін екі әйел ұсталды

27.06.2019

«Арыста қуатты бомба жарылысы болады» деген жалған ақпаратты таратқаны үшін екі әйел ұсталды. Шымкент қаласының полиция департаменті оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлімдеді. Соңғы тәуліктердерде осындай 3 дерек тіркелген. Министрлік тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған хабарға сенбеуге шақырады.

 

 

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

 

Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны  үшеу екендігін ресми түрде растайды. Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдейді. Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз.

 

Фариза Мұсақызы

 

Хабарламаларға жазылу