ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеме жасады

26.06.2019

Арыс қаласында 350 адамның із-түссіз жоғалғандығы туралы ақпарат - жалған. Ондай мәлімет тек оқиғаның бірінші күні таралған. Одан кейін халықтың бәрі табылды, бір-бірімен қауышты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Атап айтсақ, тиісті органдар Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау мен жеке тұлғаларды анықтау бойынша барлық іс-шараны жүргізген. Министрлік халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. 

 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

 

ҚР заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат таратушыларға Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша  жауапкершілік қарастырылған. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде «қауырт желісі» жұмыс жасайтындығын тағы бір еске саламыз. Тәулік бойы: 87252449472.

 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу