«Air Algerie» әуе компаниясына тиесілі ұшақпен байланыс үзілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Air Algerie» әуе компаниясына тиесілі ұшақпен байланыс үзілді

24.07.2014
«Air Algerie» әуе компаниясына тиесілі ұшақпен байланыс үзілді

«Air Algerie» әуе компаниясы  Буркина-Фасо астанасы - Уагадугу қаласынан Алжирге ұшып шыққан өзіне тиесілі ұшақпен байланысты жоғалтып алды.

«Algerie Press Service» агенттігінің хабарлауынша, әуе бақылау қызметі ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 50 минуттан соң байланысты жоғалтқан.

«Air Algerie» -  Алжирдің ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы. Компания Еуропа, Солтүстік Америка, Африка және Орта Шығыс елдері бойынша 39 қалаға қатынайды.

Әуе компаниясына тиесілі ұшаққа қатысты  соңғы оқиға 2003 жылдың 6 наурызында тіркелген. «Boeing-737» ұшағы Алжирдің Таманрассет қаласындағы әуежайдан ұшып шыққан сәтте апатқа ұшыраған еді.  Ол кезде бортта барлығы 103 адам болған. Тек 1 жолаушы ғана аман қалды.

Хабарламаларға жазылу