Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде қанша ресми парақшасы бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде қанша ресми парақшасы бар?

17.06.2019

   Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа қатысты аккаунттың бәрі ақиқат емес. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі жазбасында ресми түрде мәлімдейтінін жеткізді.  Ол: «Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларды көрсетіп, олардың Президентке байланысы қаншалықты»,-деп жиі сұрайтындығын айтты. Мысалы, Instagram-дағы @elbasy-tokayev аккаунтының Қасым-Жомарт Тоқаевқа ешқандай қатысы жоқ. Оның тек екі ресми аккаунты ғана бар. Ел Президенті 2011 жылы Twitter-ге – @TokayevKZ, ал 2019 жылдың сәуір айынан бастап Instagram-ға – @tokayev_online парақшасы тіркелген. Басқалары жалған.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу