Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді

08.10.2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын кеше бірнеше партия мен қоғамдық ұйымдардан құралған халықтық коалиция ұсынған еді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы құжаттардың талапқа сай келетінін растады. Енді кандидат ретінде ресми тіркелу үшін қазанның 21-іне дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының 118 мыңнан астам қолын жинауы керек. Ал мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау үшін емтихан тапсырмайды. Өйткені ұсынылған үміткер президент лауазымында болып, бұған дейін сынақ тапсырған болса, емтиханның қажеттілігі жоқ.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне тиісті сұрау жіберілді. Аталған құзыретті органдардан келген мәліметтерге сай, ҚР азаматы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты ҚР президенттігіне тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Досжан Маратұлы 


Хабарламаларға жазылу