Мемлекет басшысының алдағы аптаға жұмыс жоспары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының алдағы аптаға жұмыс жоспары белгілі болды

28.04.2023

Мемлекет басшысының алдағы аптаға жұмыс жоспары белгілі болды. Ақорда телеграм парақшасында: 2 мамыр күні Президент, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайы талқыланбақ. 3 мамырда Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиномен кездеседі,- деп хабарланды. Ал мамырдың 3-4 күні Астанаға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді. Екі ел басшылары стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ 5 мамырда Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді. Жиын барысында әскери саланы дамытуға қатысты мәселелер қаралады.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу