Қостанайда белгісіз біреулер Тобыл өзенінің аңғарына 100 тоннадай картопты төгіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда белгісіз біреулер Тобыл өзенінің аңғарына 100 тоннадай картопты төгіп кеткен

11.06.2019

Куәгерлер бұл жағдайды дереу экология департаментіне хабарлаған.

Жедел тексерудің нәтижесінде картоптың Қостанайдағы шаруа қожалықтарының біріне тиесілі екені анықталды. Шаруа бұзыла бастаған артық өнімнен қойманы босату үшін жүк көліктерін жалдаған.

Алайда жүргізушілер картопты қоқыс полигонына апарудың орнына, осында әкеп аудара салыпты. Экологтардың талабымен қазір жүк тасымалдаушы кәсіпорын  өз есебінен картопты қайта тиеп, қоқыс полигонына тасып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл оқиға бойынша ешкім жазаға тартылмайды.

Сергей Мұқашев, мемлекеттік экология инспекторы:

Егер кемшілік уақытында жойылып, өнім қалдықтарының орны толық тазартылса, бұл табиғатқа зиян келтіру болып есептелмейді. Ал  уақытында тазартылмай, шіри бастаса, тамақ қалдығын рұқсат етілмеген жерге төккені үшін кінәлі адамға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айып салынады. Көріп тұрғанымыздай, картоптың орны тазартылып жатыр. Сондықтан бұл жерде ешкім жауапқа тартылмайды.

Хабарламаларға жазылу