Павлодарда белгісіз біреулер үш баласы мен анасын өлтіріп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда белгісіз біреулер үш баласы мен анасын өлтіріп кеткен

09.11.2020

Павлодар қаласында үш баласымен анасын белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Көпқабатты үйдегі пәтерден олардың өлі денесін отағасы алғашқы болып тауып алған. Іштегілер ашпаған соң, ол үйге есікті бұзып кірген. Полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтауда.   

  Ельдар Әбдікенов, полиция департаменті бастығының орынбасары:       
-Үйдің ішіндегі бір бөлмеде 3, 5 және 7 жастағы үш бірдей баласы мен зайыбының өлі денелерін көріп, бірден полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта оладың азапталып өлтірілгені анықталды. Бірақ пәтер ішінде адамдардың арпалысқан белгілері байқалмайды. Мәйіттер сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Басқадай ақпараттар кейін айтылады.

Болат Аманбаев


Павлодар өлім

Хабарламаларға жазылу