Украинада Ленин ескерткішіне қарсы «соғыс» жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада Ленин ескерткішіне қарсы «соғыс» жалғасуда

07.01.2014
Украинада Ленин ескерткішіне қарсы «соғыс» жалғасуда
6 қаңтарға қараған түні Украинаның Одесса облысы Березовка ауданында Ленин ескерткішіне белгісіз біреулер қара түсті бояу жағып кеткен.
 
Украина Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы 6 айдан 5 жыл мерзімге дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Бұл Ленин ескерткішіне жасалып отырған бірінші шабуыл емес. 2013 жылдың 8 желтоқсанында Киев орталығындағы Ленин ескерткіші құлатылды. Кейін оның сынықтары интернет арқылы сатылды. Одесса облысының Котовск қаласы мен Николаевск ауданындағы Ленин ескерткішін де белгісіз біреулер сындырып кетті.

Хабарламаларға жазылу