Елімізде жекеменшік лагерьлер көбейді. Алайда ата-аналардың көпшілігі баланы мұндай демалыс орындарына сеніп тапсыра алмаймыз дейді. Себебі, жергілікті құзырлы органдар мекемелердің қызмет сапасы мен балалардың қауіпсіздігіне жауап бермейді. Тілші Нұрхан Нұрланұлы зерттеп көрді.
Аруна Әмір баланың лагерьде демалуына қарсы. Бірнеше жыл бұрын қаладағы демалыс орындарының бірінде тәлімгер болып жұмыс істеген ол балаларға жауапкершілікпен қарау қиын екенін айтады. Себебі, 10-15 баланың қауіпсіздігіне бір адам жауап береді. Сонымен қатар, лагерьлерде көбіне студент жастар жұмыс істейді. Ал оларға баланы қалайша сеніп тапсырамыз дейді ол.
Аруна Әмір, қала тұрғыны:
Аттестация өткізілсе, тест тапсырылса, жаңағы үшіншіқоятын талабым Ана махаббатын сезінген, мейірімділігі бар, бір баласы болса да барадамдар, ана мейірімі болған адамдар бала деген не екенін, балаға қалай қараукерек екенін біледі.
Есенғали Ерғазыұлының тәлімгерлікке жаны құмар. Осы саладағы қызметкерлер тек ақша табу үшін ғана емес, хобби ретінде жұмыс істеуге дағдылануы керек дейді. Сондықтан, ол тәлімгерлерді дайындайтын арнайы мектеп ашқан. Онда білім алушылар балалармен қалай сөйлесу керектігінен бастап, олардың өзен-көлдермен тау-тастарда, өрт болған кезде қалай іс-әрекет ету керектігіне дейін үйренеді.
Есенғали Ерғазыұлы, тәлімгер:
Көп адамдар тәлімгер бола алмайды. Өйткені, бұл эмоция ғой. Он күн ішінде күледі де, жылайды да, бір бірін жамандайды да, біздің ең басты мақсат соңында олар барлығы бір отбасыдай лагерден қайту ғой. Ал басқа тәлімгерлерге айтарым, жұмыс істегісі келмейтін тәлімгерлер олар жұмыс істемеу керек.
Ал қала тұрғындары баланы демалыс орнына жіберместен бұрын мекеменің қауіпсіздігін, қызмет сапасын анықтап тексеру керек дейді.
Ақша төлеп жібергеннен кейін ата-анасы ештеңеге уайымдамау керек. Ал, уайымдамайтын жағдайды жасап беретін сол мекеменің қолбасшылары, екіншіден, үкімет соның бәрін қолдау керек, қауіпсіздікті үкімет жасау керек.
Жекеге ойланамыз, жеке мекемелердің жауапкершілігі аздау бола ма, білмеймін.
Қадағалау керек.
Мәселен, бүгінде қалада жалғыз мемлекеттік және 4 мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін лагерь бар. Қалғандары - жеке меншік. Олардың кейбірі тіпті лицензия да алмаған. Ал олардың жұмысына біз жауап бермейміз дейді жергілікті білім басқармасының өкілдері.
Нұргүл Тауқызы, қалалық білім басқармасы рухани адамгершілік тәрбие бөлімінің басшысы:
Жеке меншік лагерлерді мен айта алмаймын. Өйткені, оны тексеру менің құзіретіме қарамайды. Біз тек қана сонда демалып жатқан балаларға алдын алу шараларын жүргіземіз.
Мамандардың айтуынша, жазғы демалыс орындары биыл шаһардағы оқушылардың 98 пайызын қабылдауға дайын. Алайда, олардың бағасы да қарапайым халық үшін қолжетімсіз. Себебі, он күнге төлейтін ақы - 180 мың теңгегедейін барады.
Расымен де, лагерьдегі тәрбиешілердің жауапкершілігіне қатысты мәселе соңғы кездері өзекті болып тұр.
Осыдан бір апта бұрын елордада 1-сынып оқушысы мектеп жанындағы лагерь атынан «Ханшатыр» сауда ойын-сауық орталығына барып, бассейнге суға кеткен еді. Қайтыс болған бүлдіршінмен бірге демалыс орнында 200-дей бала және 24 үлкен кісі болыпты. Алайда, үлкендер бала өміріне араша түсе алмаған.
Айта кетейік, осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Алайда, баланың ата-анасы қызының қазасы тәрбиешілердің салғырттығынан болды,- деп отыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ