«Ханшатырдағы» қайғылы оқиғаны ІІМ бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ханшатырдағы» қайғылы оқиғаны ІІМ бақылауға алды

04.06.2019

«Ханшатыр» сауда орталығындағы бассейнде болған қайғылы жағдайды еліміздің Ішкі істер министрі өз бақылауына алды. Министр Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, осы іске қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиға орнындағы бейнебақылау камераларындағы жазба зерттеліп жатыр.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

Дәл сол уақытта құтқарушы қайда болғанын, неліктен ол дер уақытында шара қабылдамағанын анықтап жатырмыз. Жазғы лагерьде жұмыс істейтін адамдарға қатысты айтар болсам, әр мұғалім балалар өмірінің қауіпсіздігі үшін жауапты. Лагерь бар жерде қауіпсіздік шаралары бірінші кезекте болу қажет.

Хабарламаларға жазылу