Ішкі істер құрылымында жемқорлықты жою – реформаның қаншалықты сапалы жүргізілгендігінің айғағы. Ал одан айықтыруға азаматтық қоғам атсалысты. Құқық қорғау органы оларға құлақ асып, Ұлттық бюромен үшжақты ынтымақтастыққа отырды. Енді арадағы келісім ай сайын тексеріліп тұрады. Есеп беріледі.
Полицейлерде пара алмауға ерік жетіспейді. Алик Шпекбаев мұны ашық айтып отыр. Әрине, әлеуметтік жағдайын көтеріп, жалақысын өсіру белгілі бір деңгейде септігін тигізер. Бірақ түбегейлі жемқорлықтан ада ету үшін адалдық қасиет қана керек. Шен тағып, шектен шыққандарды тыюға солар ғана лайық.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Бүгінде полицейдің өз еркі жетіспейді. Пара беруге немесе алуға қарсылық танытса болғаны ғой. Міне, сол себепті әдепті, тәртіпті, шыншыл және сатылмайтын маман болу - барлығының негізі.
Біз жемқорлықпен әлі күресіп жүрміз. Ал көптеген елде ондай заң мүлдем жоқ. Міне, қоғам соған ұмтылады. Сол мақсатта мыңнан аса ұсыныс түсіпті. Бірақ оның тек 129-ы ескеріліп, 28 бөлімге топтастырылды. Негізгілері мынау. Бірінші – дискрециялық өкілеттік. Яғни, лауазымды адамдардың өкілеттігін қатаң реттеу арқылы шешім шығарарда шектен шықпауын қадағалау. Екінші - табан асты сынау. Демек қызметкердің жемқорлыққа қарсы әрекетін әшкерелеу. Үшінші - сервистік полиция. Мұнда мемлекеттік қызметте адами фактордың араласуы азаяды. Сосын жоғарыда айтқандай тұрмыстық санамен тұрмыстық жемқорлыққа баратындар көп.
Алексей Калайчиди, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Несін жасырамыз. Төмен жалақы. Оның 70 пайызы үй жалдауға кетеді. Түсінікті, әрине, олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана бастайды.
Полицей атаулыда пара алуға жақын жол сақшылары - сотпен байланысты пенитенциарлық жүйе мен кадр қызметі. Енді органға қабылдау мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жүргізіледі. Тағы жемқорлықты жою үшін шеп бекеттері де жабылады.
Нысаналы ЫҒЫЛ