Жемқорлықты жою -  басты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықты жою -  басты міндет

13.10.2017

Парамен ұсталғандарды жыл өтпей жатып, жазасын жұмсарту жөнінде шешім қабылдаған құқық қорғау өкілдерінің өздерін жауапқа тарту керек. Себебі, қатаң шаралар қолданбай, жемқорлық жойылмайды. Бұл туралы Астанадағы қоғамдық тыңдауда айтылды. Нәтиже жаман емес. Соңғы үш жылда 67 қоғамдық тыңдау мен талқылау өткізіліп, пара берушілердің саны 4 есеге азайған. Бастысы қоғамдық бақылаудың жүйесі қалыптасып келеді.

Әлихан Байменов, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы:

 - Бір нәрсе айқын. Қоғам жемқорлықпен күресуге мүдделі. Себебі, әрбір берілетін пара, әрбір шенеунік тарапынан өкілеттілікті өз мүддесіне пайдалану  бір-екі адамға артықшылық беріп, байытуға алып келсе, соның барлығы қалған 18 млн адамның есебінен жүзеге асырылады.

Сондықтан, бірінші міндет - осы қарапайым ақиқаттың өзін қоғамға түсінікті тілмен жеткізе білу керек.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу