Ақтөбе облысында салықтан жалтаратын кәсіпорындар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында салықтан жалтаратын кәсіпорындар көп

22.01.2014
Ақтөбе облысында салықтан жалтаратын кәсіпорындар көп
 
Елбасы Жолдауындағы аса маңызды міндет - сыбайлас жемқорлықты жою, оған қарсы стратегия қалыптастыру. Алайда, Ақтөбе өңірінде жемқорлық азаймай тұр.
 
Өткен жылы салықтан жалтаратын кәсіпорындар кесірінен бюджетке 60 миллиард теңге шығын келді. Өңірде   кірістерін жасырып, жалған кәсіпкерлік арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған 2 қылмыстық топ ұсталып, 16 іс қозғалды. 
 
Өңірде  әзірге, мемлекет қазынасына 8 миллиард теңге қайтарылды. Қылмыстық іс мұнай саласының төңірегінде көп. Оларды анықтау оңай болмай тұр. Прокурорлар  «көлеңкелі» экономиканың жолын кесу үшін Салық басқармасындағы құрылымдар біріге жұмыс жасау керек, деген ұсыныс айтты.
 
Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облысы прократурасының басқарма бастығы:
Бір заңды тұлға тиісті басқа құрылымдыққа өзін банкрот деп тану үшін құжаттар берген уақытта, ол жалған кәсіпкерлікті анықтау бағытында жұмыс істейтін басқармаға берілуі керек. Олар тиісті қорытындысын шығарып, заңды тұлғаның іс-әрекетінде ешқандай жалған кәсіпкерлік фактілер жоқ, деп құжат берген жағдайда ғана, тиісті уәкілетті басқарма сотқа жүгінуі керек. 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу