Талдықорғанда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті

20.05.2019

Жетісу төріндегі 25-ші басқосу «Жаңғыру мен дамудың негізі - әлеуметтік даму» тақырыбына арналды. Жалпы, бұл өңірде ынтымағы жарасқан 100-ден астам этнос өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүруде. 70-тен астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Ассамблея жанынан тұрақты негізде ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, облыстық қоғамдық келісім кеңесі және «Бірлік» жастар қауымдастығы құрылған.

Жиын барысында Ассамблея хатшылығы «Қазақтану» жобасын таныстырды. Бұл жоба өзге этностардың қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүр, әдебиеті мен мәдениетін терең танып білуін көздейді.

Асылы Осман, Алматы облысының құрметті азаматы

- Қазақты тану үшін алдымен қазақтың тілін білу керек.

 Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу