Максимовка ауылының атауы Арайлы деп өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Максимовка ауылының атауы Арайлы деп өзгертілді

09.05.2019

Еліміздегі елді мекендерде тұрғындардың күшімен соғысқа қатысып, қаза  болған майдангерлердің құрметіне ескерткіштер ашылып жатыр. Осындай бір игі шара Ақмола облысының Арайлы ауылында болды. Жергілікті халықтың ұйымдасуымен батырлар рухына тағзым ретінде соғыстан қайтпаған батырлардың есімі жазылған жаңа ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл - марқұм болған майдангерлерге құрмет және өскелең ұрпақ үшін тәлім мен тәрбие. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Максимовка аталып келген ауыл атауы Арайлы деп өзгертілді. 

Ғабдулһакім Нартайұлы, Арайлы ауылының әкімі:

Жастарымызға тәрбиелік мәні жоғары болғандықтан, осындай ескерткіш ашып жатырмыз. Ауылдың азаматтарының күшімен ашылды. Еліміз аман, Отанымыз тыныш болсын, елде осындай іс-шаралар өте берсін. 

Аязбек Нұраханов, Арайлы ауылының имамы:

Ауылымызда жаңадан жол салынды, көшелерімізге жарық тартылды. Мұның барлығы жақсы жаңалық. Ауылымыз өркендей берсін, биылдан кейін тағы жолдар салынады деп жатыр. 

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу