Македония мемлекетінің атауы ресми түрде өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Македония мемлекетінің атауы ресми түрде өзгертілді

13.02.2019

Балқан түбегіндегі Македония мемлекетінің атауы ресми түрде өзгертілді. Енді ол Солтүстік Македония Республикасы деп аталады. Атауы жаңарған ел 2020 жылдың көктеміне қарай НАТО-ға өтеді. Оған Еуропа одағына кіруге жол ашылып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін елде мемлекеттік мекемелердің аттарын да өзгерту жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жаңа мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оған мүше елдерге Македония атауының өзгергендігі туралы ресми хабарлама жолдауды жоспарлап отыр.

Осылайша Греция мен Македония арасында 27 жылға созылған дау өз шешімін тапты. Айта кетейік, гректер өз құрамында Македония деген провинция болғандықтан, көршілес мемлекеттің бұрынғы атауына қарсылық білдіріп келген еді.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.ф

Хабарламаларға жазылу