Қостанайда қоғам белсенділері мен этномәдени орталықтарының өкілдері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қоғам белсенділері мен этномәдени орталықтарының өкілдері бас қосты

03.05.2019

Алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында белгіленген міндеттер мен межелерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Қостанай облысынан бұл сессияға 39 делегат қатысқан.

Олардың алдында тұрған міндет - келелі жиында көтерілген мәселелерді көпшілікке жеткізу, түсіндіру. Басты мақсат – елдік құндылықтарды дәріптеу, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық үлгісін насихаттау. Тарихи отанына оралса да Қазақстанды атажұрты санайтын азаматтардың ізгі ниеті мен игі істерін үлгі ету.

Әлімжан Бекмағанбетов, заң ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Шетелден келген Қазақстанның тумалары әлі де Қазақстанның өздеріне ыстық екенін, оның дамуына іскерлік, шығармашылық жағынан үлес қосуға дайын екендіктерін айтты. Бұл Қазақстанның халықаралық аренада биік мәртебесі бар екенін дәлелдейді

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу