Таразда Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды

06.05.2019

Егеменді ел болып, қазақ мемлекетінің қалыптасуы Елбасының қажырлы еңбегінің арқасы. Тараз қаласындағы Достық үйінде бас қосқан үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, зиялы қауым мен этномәдени орталығының өкілдері осылай пікір білдірді.

Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекет құрудағы және оның дамуындағы рөліне айрықша тоқталып, өлшеусіз еңбегін жоғары бағалады

Үртай Сапақова, «Руханият» талдау, ақпарат және мониторинг орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы осы 30 жылда туған халқын, туған Қазақстанды тәуелсіздікке жеткізіп, соның бүкіл әлемдік деңгейде Ұлы дала халқының жеті қырын таныта отырып, өсіріп, өркендетіп, жеткізгендігі өзінің ескерткішін қоюға тұғырын жасағаны деп есептеймін.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу