Полиэтилен пакетті алмастыратын экожоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиэтилен пакетті алмастыратын экожоба

29.04.2019

Полиэтилен пакеттің орнына жіптен есілген тор сөмке. Бұл - әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышеваның жұртшылыққа ұсынып отырған экожобасы. Кәсіпкер бұл пакеттердің қоршаған ортаға залалы көп екенін айтады. Ал, тоқылған бұйымдардың артықшылығы - зиянсыз әрі әмбебап. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі жандар мен үйде отырған көпбалалы және егде кісілердің басын құрап, осы кәсіпке жұмылдырған. Таза қолөнер. Егер аядай шеберхананы кеңейтіп, жабдықтар алуға қолдау жасалса, өнім түрлері еселеніп, жұмыс жүйелі жүретінін жеткізді. Ал, әзірге санаулы адаммен сапалы дүниелерді шығаруға барын салып жатыр.

Рахима Мұқышева, әлеуметтік кәсіпкер:

- Егер де біз осындай тор көзді сумкаларды қолдансақ, біз табиғатқа көмек берер едік. Өйткені полиэтилен пакеттер бізде барлық жерде шашылып жатыр. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу