БҚО-да Жайықтың суы Қараөзенге қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Жайықтың суы Қараөзенге қосылды

24.04.2019

Бұл Киров-Шежін каналын қайта жаңғырту арқылы мүмкін болды. Арнаны қайта қалпына келтіру жұмысы 8 жыл бұрын басталған еді. Әуелі каналдың 160 шақырым бөлігі тазалартылып, гидротехникалық құрылымдар жаңартылды. Оған қоса, 17 шақырым жаңа канал қазылды.

Жобаға 2,5 млрд теңге қаржы жұмсалды. Су жүйесі 130 мың гектар жайылымдық жерді жайқалтуға сеп болады. Өзен бойын қоныстанған он шақты ауылдың ауызсу қоры молаяды. Ең бастысы, Ресейден сатып алатын суға тәуелділікті азайтады. Қаржы үнемделеді.

Нұрболат Жұмағалиев, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры:

- Ресейден жылма-жыл 28-30 млн текше метр су алатын едік. Соның 50 пайызын енді канал арқылы беріп жатырмыз. Сонда біз ақшаны үнемдеп отырмыз. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу