Павлодарда Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алау жанына құрметті қарауыл қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алау жанына құрметті қарауыл қойылды

24.04.2019

Мұндай мәртебелі сенім тек қана ең үздік оқушыларға жүктеліп отыр. Олар қаладағы 6 мектептің оқушылары арасынан іріктелді.

Адамзат тарихындағы қасіретке толы қанды қырғынның аяқталғанына биыл - 74 жыл. Павлодар облысынан соғысқа 46 мыңнан астам адам алынды. Олардың 13 мыңы ұрыс даласында мерт болды. 12 мыңға жуық боздақ хабарсыз кетті. Қала жұртшылығы қан майданда от кешкен қаһармандарды еске алып, гүл шоғын қойды. Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзин және белгісіз сарбаз ескерткіші басында да мамырдың аяғына дейін құрметті қарауыл тұрады.

Қадырбек Сатыбалдұлы, қалалық Білім бөлімінің бас маманы:

- Әрбір бекеттің қарауыл басшысы көмекшісімен балаларды 20 минут сайын ауыстырып отырады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу