ШҚО-да Қарауыл Тоқтамыс Лақаұлына ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Қарауыл Тоқтамыс Лақаұлына ескерткіш қойылды

24.09.2019

Тоқтамыс -Абылай ханның кезінде үлкен ұрыстарға қатысып, көзге түскен тарихи тұлға. Қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан қорғап, ерліктерімен ел ішінде аңыз болған адам. Биыл батырдың туғанына 290 жыл толып отыр. Осыған орай Абай өңірінің халқы өз күштерімен қаржы жинап, қоладан алып ескерткіш орнатты. 

Тарихи деректерге сүйенсек, Тоқтамыс Лақаұлы 1730-шы жылдардың шамасында Әзіреттің Қаратауындағы Жылыбұлақ деген жерде туған. Бес қаруды шебер меңгерген батыр қазақ-қалмақ соғысында қаһармандық көрсеткен ірі тұлған. Батыр Абылайдың күзет жасағының басшысы болған деген деректер де бар. Қарауыл жерінде қоладан құйылған еңселі ескерткіш елін жаудан қорғаған алыпты ұрпақ жадында сақтап, ерліктерін жаттап өсуге сеп болмақ.

Салмағы 6 тоннаға жуықтайтын қола мүсінді жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев сомдаған. Ескерткіштің ашылу салтанатына Тоқтамыс Лақаұлының тікелей ұрпақтары қатысып, батырдың осы күнге дейін сақталып келе жатқан туын, қылышы мен найзасаның ұшын арнайы алып келген. Атадан балаға мұра болып келе жатқан құнды тарихи жәдігерлер Тоқтамыс Лақаұлының алтыншы ұрпағы Несіпбай Нұрымханов пен Ақылтай Әбішевтың шаңырағанда сақтаулы.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу