Туристік полиция құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристік полиция құрылды

19.04.2019

Елімізде туристік полицейлер пайда болды. Туристік полицияның басты міндеті – шетелден келген меймандардың сұрақтары бойынша кеңестер, ақпарат беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл жаңашылдық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ІІМ бастамасымен «Е-виза», «Е-қонақ үй» электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды. Оған сәйкес 117 елдің азаматтары үшін виза электронды режимде рәсімделіп, мемлекеттік шекарадан өткен бойда автоматты түрде тіркеледі.

Ал «Е-қонақ үй» мәліметтер базасы шетелдіктердің тұратын жерінен есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, туристердің тіркелуі үшін міндетті түрде полицияға келудің қажеттігі болмайды. 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен елімізде туристік полиция бөлімшесі құрылды. Бұл шара шетелдік инвесторларды тарту және шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. Бірінші кезеңде бұл бөліністер шетелдіктер жиі келетін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу