Павлодарда атты полиция жасағы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда атты полиция жасағы құрылды

15.06.2018

Павлодарда атты полиция жасағы құрылып, бүгіннен бастап қызметке шықты. Сәйгүлікке салт мінген тәртіп сақшылары қаланың автокөлік жүре алмайтын шет аймақтары мен саяжайларды күзетеді. Кавалерия взводында әзірге 15 қызметкер бар. Алдағы уақытта олардың санын 70-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.  Атты патрульге арналып жеке атқора салынды. Жылқылардың күтіміне, тазалығына полиция қызметкері жауап береді.

Айта кету керек, жаз маусымы басталысымен саяжайларда ұрлық деректері көбейеді.   

Бердібек Даяндах, атты патруль командирі:

- Аттардың барлығы үйретілген. Полицейлердің әрқайсысында өзіне бекітілген аттары бар. Шамамыз келгенше қылмысты болдырмай, құқықбұзушылыққа тыйым салу үшін саяжайларды күзетеміз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу