Президенттік институты – тұрақтылық кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік институты – тұрақтылық кепілі

19.04.2019

Алаш бағдарламасы жастар тәрбиесінің негізгі кілті ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда осындай пікір айтылды. «Қазақстан Республикасындағы Президент институты - тұрақты даму кепілі» атты ғылыми-практикалық кеңесте қоғамның дамуы мен тұрақтылықты арттыруға қатысты түрлі тұжырымдар айтылды. Мәселен, Президенттік институтқа қандай да бір өзгеріс енгізілетін болса жаңашылдықтың тамыры алаш зиялыларының еңбектеріне жалғасатындай болуы керек, - деді шараға қатысушылар. 

Жамаладен Ибрагимов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы:

Мемлекеттің дамуы, құқықтық дамуы, мемлекеттің заңдық белгінің дамуы, президенттік институттың дамуы кезіндегі пікірлер айтылмайды. Қазіргі кезде бізге керегі, мемлекетшілдік, мемлекетті сүю, адал қызмет ету. Осы идеялар Алаш ұстанымдарында жазылған. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу