Геологтар марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геологтар марапатталады

05.04.2019

Сәуірдің алғашқы жексенбісі елімізде геологтар күні аталып өтеді.  Осыған орай, Инвестициялар және даму министрлігі салтанатты шара өткізіп, сала мамандарын арнайы төсбелгілермен марапаттады.  Отандық геологияның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерге  «Құрметті жер қойнауын барлаушы», «Жер қойнауының үздік барлаушысы»  медальдары табысталды. Сәуірдің 12-сі күні қазақ ғылым академиясының негізін қалаушы, даңқты ғалым Қаныш Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толады. Сондықтан, биылғы мереке сала мамандары үшін екі есе қастерлі. Былтыр жер қойнауын пайдалану туралы кодекс өз күшіне енді. Нәтижесінде Қазақстан инвестициялық тартымдылық бойынша Фрейзер Институтының әлемдік рейтингінде 73-ші орыннан 24-ші сатыға көтерілген. Мамандар бұл саланың әрі қарай дамуына серпін береді деп есептейді.

Ақбатыр Нәдірбаев,   Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

Геологтар қауымы жылда жетістіктерімен мерекені атап өтеді.  Сәуірдің басында геологтар өздерінің жұмысын жасау үшін далаға шығатын кезең. Бұл сол кеңес одағынан қалыптасқан. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу