Нұр-Сұлтанда үш ай ішінде қоқыс тастау әрекетімен сотқа 1200-ге жуық іс түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда үш ай ішінде қоқыс тастау әрекетімен сотқа 1200-ге жуық іс түскен

03.04.2019

Көрінген жерге қолындағысын лақтыра салу қоғамның дертіне айналды. Жан-жағын жайратып жүретіндерді заң да тоқтата алмай тұр. Нұр-Сұлтан қаласында үш айда қоқыс тастау әрекетімен сотқа 1200-ге жуық іс түскен. Тазалықты қалада сақтамағандар далада тайсалып қалсын ба? Бұл мәселемен шет елдер қалай күресіп жатыр?

Жолдың бойы шашылған түгел пластик бөтелке, шыны бөтелке, полиэтилен. Пейіл өзгермесе, ниет өзгермесе, мына даланы біз ұрпаққа қалдыра алмаймыз ау, тоз-тозы шығады. Тонналаған қоқыс Алматы-Талдықорған жолының жиегін басып қалған. Маң даладағы жағдайға белгілі журналист Серік Әбікенұлы қынжылады Жалпы мұндай көрініс еліміздің кез-келген жерінде кездеседі. Қара жолмен жүйткіген көлік иелері табиғатты ластап жатырмын,-деп ойламайды. Қолына түскенді лақтыра салады...

Басқасын айтпағанда, бас қаланың өзінде қоқырсыған қоқыс көп. Аппақ қар барда айнала тартымды болатын. Қазір қарауға батылың бармайды. Балшық-шалшық, төңірек түгел лас. Ішкен-жегеннен босаған құтыны да, шеккен темекі тұқылын да, бәрін-бәрін тастап жатыр. Ал ұяты барлар әлеуметтік желіде жариялап, жәрдем сұрап әлек. Бұл жағдай  шаһар басшысы Бақыт Сұлтановтың шамына тиді. Ол аппарат отырысында аудан әкімдеріне шүйлікті.   

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

Көктем келіп қар еруде. Бірақ, артынан бар былықтары шығып жатыр. Қазір қала толған қоқыс пен балшық, саз. Мен осы тұрғыда арнайы мобильді топ құрып, тексеруді тапсырдым. Суреттен қараңыздаршы, не болып жатқанын. Осының бәрі жұмыстың уақытылы атқарылмауынан. Әйтпесе, қаражат бар, ресурс бар, қажетті мамандар бар. Аудан әкімдері қайда қарап отырсыздар?

Қоғамдық орындарда қоқыс тастау заңмен қудаланады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы. Айыппұлы – 12 625 тг.

Нұралы Тәңірбергенов, Алматы аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы:

Бұл бап бойынша ескерту көрсетілмеген заңда. Бұл бап бойынша 5 АЕК бойынша айыппұл әкеліп соғады немесе соттың шешімімен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Бауыржан Ахметқали, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

2019 жылдың осы  үш ай уақытында бойынша Астана қаласы мамандандырылған әкімшілік  сотына  1108 әкімшілік ісі келіп түсті.  Осы істердің барлығы өндірісімен қаралып оның ішінде 20 адамға әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Ирландияда 5000 еуро төлейді немесе 12 айға түрмеге жабылады. Ал Жапонияда тіпті 5 жылға дейін темір тор күтіп тұр. Ұлыбританияда болса қалдықтың көлеміне қарай 400 еуродан бастап айыппұл арқалайды. Әйтсе де жағымсыз әдет жалпыны алаңдатып отыр. Сондықтан, ласқа жаны қас әлем тұрғындары ерекше челлендж бастады. Яғни, қоқыс тасталған жерді айнада

Ал жаһан елдерінде жұрт қоқыс тастауға қорқады. Жаза – қатаң. Мысалы, Сингапурде қымбат айыппұлмен қатар ескертуді елемей екінші рет ұсталған адам қамалады й етіп дейін және кейінгі суреттерін жариялайды.

Ал санасы сауықпайтындардың қалтасына салмақ салу керек,-дейді көпшілік. Не дегенмен тәртіпке бағынбағанды бір түзесе қатаң заң түзейді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу