Өнеркәсіптік қауіпсіздік күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік күшейтіледі

03.04.2019

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бүгін осы заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Оны талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес және азаматтық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Атап айтсақ, өзгерістер бизнеске жасалатын әкімшілік қысымды азайтуға да бағытталған. Сондай-ақ, заң жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды көздейді. Оны әзірлеу барысында  300-ге жуық ұсыныс түскен.

Нығметжан Мақажанов, ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары:

Былтыр біздің саламызда 27 апат орын алды. Сол 27 аварияның ішінде 6 адам қаза тапты. Сол себептен қадағалау ждұмыстары  мемлекеттік органдары өз саласында қауіпсіздікті күшейту мақсатында заңға өзгеріс енгізу керек. Біздің саламыз бойынша ,27 апаттың ішінде 19 адам жарақат алған.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу