Жыл басталғалы өндірістік объектілерінде 14 апатты жағдай тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басталғалы өндірістік объектілерінде 14 апатты жағдай тіркелген

26.08.2022

Елде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың жиырма мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі айтты. Тексеру нәтижелері бойынша оларға 130 миллионн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Бұдан бөлек, жыл басталғалы өндірістік объектілерінде 14 апатты жағдай тіркелді. Тоғыз адам зардап шегіп, 6 адам қайтыс болған. Көбісі құрылыс алаңдарындағы кран құлау кезінде болған. Салдарынан 6 жұмысшы қаза тапты. Ал, былтыр мұндай тек бір жағдай ғана тіркеліпті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов оқыс оқиғалардың негізгі себептерін атады.

Нығмеджан Мақажанов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

Ең бірінші, біздің өнеркәсіптік саладағы талаптар орындалмаған ол - бір. Екіншіден, өнеркәсіптік диссиплинның төмен болғанында. Үшіншіден, өздерінің жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің төмен болуы сол себептер.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу