Әскерилерге латын қарпін үйрету басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилерге латын қарпін үйрету басталды

01.04.2019

Ұлттық ұланның қызметкерлері латын қарпін меңгеруге кірісті. «Тіл - қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары оқу-әдістемелік жиын өткізіп жатыр. Оған Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің Мемлекеттік тілді дамыту мамандары және штаб аудармашылары қатысып жатыр. Өңірлерден келген қызметкерлер алған білімдерін өз бөлімдеріне барып, өзге мамандарға үйретеді.

Жиын 4 сәуірге дейін жалғасады. Қатысушыларға латын графикасындағы қазақ тілі емлесінің жаңа ережелерін меңгергені туралы сертификат табысталады.

Әлішер Әбдірәсіл, Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бас басқармасы Мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы:

Қаріпті, емле ережелерін оқытамыз. ҚР Ұлттық ұланы жоспар бойынша құжат айналымын кезең-кезеңімен латын қарпіне көшіреді.  

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу